Жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған нұсқаулық
Авторизация
https://career.orleu.edu.kz жүйесіне кіру заңды тұлғаның ЭЦҚ-ы арқылы жүзеге асырылады.
https://career.orleu.edu.kz сайтына кіріп, «Жүйеге кіру» нысанындағы «ЭЦП көмегімен кіру» батырмасын басыңыз (компьютеріңізде NCALayer бағдарламасы іске қосылуы тиіс) (төмендегі суретті қараңыз).
Пайда болған NCALayer терезесінде ЭЦҚ кілтінің орналасқан жолын көрсетіп, ЭЦҚ кілтінің құпия сөзін енгізіңіз (төмендегі суретті қараңыз).
«Қол қою» батырмасын басыңыз (төмендегі суретті қараңыз).
Жүйеге алғаш рет сәтті кіргеннен кейін сізге пайдаланушы келісімімен танысу ұсынылады. Келісім шарттарымен танысыңыз. Платформамен жұмысты жалғастыру үшін оның шарттарымен келісетініңізді растаңыз. Келіспеген жағдайда тиісті опцияны таңдап, платформамен жұмысты аяқтаңыз (төмендегі суретті қараңыз).
Профиль. Сертификатты қарау және жүктеп алу.
"Профиль" модулінде тіркелу кезінде толтырған сіз туралы ақпарат көрсетіледі (төмендегі суретті қараңыз).
Сіз профиліңіздің "Келешек мектебі" басшылығымен сақталғаны туралы жазбаны көресіз (төмендегі суретті қараңыз).
Куәліктіні алдын ала қарау үшін "Куәлікті алдын ала қарау" батырмасын басыңыз (төмендегі суретті қараңыз).
Осыдан кейін сіздің куәлігіңіз көрсетілген форма ашылады (төмендегі суретті қараңыз).
Куәлікті компьютерге жүктеп алу үшін "Куәлікті жүктеу" батырмасын басыңыз (төмендегі суретті қараңыз).
Осыдан кейін файл компьютеріңізге жүктеледі.
Сәттілік тілейміз!