Перейти к основному контенту

Жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған нұсқаулық

Авторизация

https://career.orleu.edu.kz жүйесіне кіру жеке тұлғаның ЭЦҚ-ы арқылы жүзеге асырылады.

https://career.orleu.edu.kz сайтына кіріп, «Жүйеге кіру» нысанындағы «ЭЦП көмегімен кіру» батырмасын басыңыз (компьютеріңізде NCALayer бағдарламасы іске қосылуы тиіс) (төмендегі суретті қараңыз).

Войти по ЭЦП

Пайда болған NCALayer терезесінде ЭЦҚ кілтінің орналасқан жолын көрсетіп, ЭЦҚ кілтінің құпия сөзін енгізіңіз (төмендегі суретті қараңыз).

Подписание с ЭЦП

«Қол қою» батырмасын басыңыз (төмендегі суретті қараңыз).

Подписание с ЭЦП

Жүйеге алғаш рет сәтті кіргеннен кейін сізге пайдаланушы келісімімен танысу ұсынылады. Келісім шарттарымен танысыңыз. Платформамен жұмысты жалғастыру үшін оның шарттарымен келісетініңізді растаңыз. Келіспеген жағдайда тиісті опцияны таңдап, платформамен жұмысты аяқтаңыз (төмендегі суретті қараңыз).

Подписание

Профиль. Сертификатты қарау және жүктеп алу.

"Профиль" модулінде тіркелу барысында өзіңіз толтырған мәліметтер көрсетіледі (төмендегі суретті қараңыз).

Профиль выпускника

Профиліңізді сақтаған «Келешек мектебі» атауын көресіз (төмендегі суретті қараңыз).

Кім сақтады

Куәлікті алдын ала қарау үшін «Куәлікті алдын-ала қарау» батырмасын басыңыз (төмендегі суретті қараңыз).

Кім сақтады

Содан кейін куәлігіңіздің формасы көрсетіледі (төмендегі суретті қараңыз).

Куәлік

Куәлікті компьютерге жүктеп алу үшін "Куәлікті жүктеу" батырмасын басыңыз (төмендегі суретті қараңыз).

куәлікті жүктеп алу

Содан кейін файл компьютеріңізге жүктеледі.

Сәттілік тілейміз!