Перейти к основному контенту

Төлемді курстарға өтінімдермен жұмыс жасау нұсқаулығы

Сәлеметсіз бе! Бұл нұсқаулық оқу бөлім қызметкерлеріне арналған және төлемді курстарға келіп түскен өтінімдерді басқару тәртібін түсіндіреді.

1. Өтінімдер тізіміне кіру

Өтінімдерді басқару үшін мәзірден төмендегі жолды ашыңыз:
Оқу процесі → Төлемді курстар → Курстарға өтінімдер тізімі

Өтінімдер тізімі беті

Бетте үш түрлі мәзір бар:

  1. Курстар бойынша өтінімдер – өтінімдер таңдалған курсқа байланысты топтастырылады. Әр филиал тек өз аймағындағы өтінімдерді көреді, ал орталық аппарат – барлық өтінімдерді көре алады.
  2. Жеке өтінімдер – өтінімдер кесте түрінде көрсетіледі.
  3. Топтар бойынша бөлінген өтінімдер – топтарға жіберілген және тыңдаушының тіркелуін күтіп тұрған өтінімдер осы бөлімде көрсетіледі.

2. Өтінімдерді іздеу және өңдеу

Пайда болған өтінімдерді көру үшін:

  1. «Жеке өтінімдер» бөлімін ашыңыз.
  2. Аймақ немесе курс бойынша сүзгілерді (фильтрлерді) пайдаланыңыз.

Сүзгілер мысалы Өтінімдер кестесі мысалы

Егер тыңдаушы аймақты немесе курсты қате таңдаған болса:

  • «Әрекеттер» бағанындағы «Өңдеу» батырмасын басыңыз;
  • Дұрыс аймақты немесе курсты таңдаңыз.

Өтінімді өңдеу терезесі

⚠️ Егер өтінім берушінің жеке деректерінде (ЖСН, аты-жөні және т.б.) қате болса, Орталық аппараттың оқу департаментіне хабарласыңыз.

3. Өтінімдерді топқа жіберу

Өтінімдерді белгілі бір топқа бағыттау үшін:

  1. «Курстар бойынша өтінімдер» бөліміне кіріңіз.
  2. Қажетті курсты таңдаңыз.
  3. Бір немесе бірнеше өтінімді белгілеңіз.
  4. Экранның жоғарғы жағында қызыл түсті «Топқа қосу» батырмасы пайда болады – оны басыңыз.
  5. Тиісті топты таңдап, әрекетті растаңыз.

Өтінімдерді топқа қосу

4. Заңды тұлғадан өтінім қосу

Егер өтінім заңды тұлға атынан түссе:

  1. «Заңды тұлғадан төлем қосу» батырмасын басыңыз.
  2. Барлық қажетті өрістерді толтырыңыз.
  3. Деректерді сақтаңыз.

Заңды тұлғадан төлем қосу формасы

5. Қате жіберілген өтінімді түзету

Егер өтінім қате топқа жіберілсе:

  1. «Топтар бойынша бөлінген өтінімдер» бөліміне кіріңіз.
  2. Қажетті өтінімді тауып, оны өшіріңіз.
  3. Осыдан кейін өтінімді дұрыс топқа немесе курсқа қайта бағыттауға болады.

Қате өтінімді түзету

6. Маңызды

  • Тыңдаушы курсына тіркелгеннен кейін оның өтінімі тізімнен автоматты түрде алынып тасталады.
  • Барлық сұрақтар немесе түзетулер бойынша Орталық аппараттың оқу департаментіне жүгініңіз.