Жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған тестілеуге тіркелу бойынша нұсқаулық
Тіркелу процесін бастау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://db.orleu-edu.kz/graduate/register
1-қадам: Тізімнен іздеу
-
Тест тапсыруға өтінім берген кезде көрсеткен электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз (1.JPG қараңыз).

1.JPG -
Егер поштаңыз базада болса, енгізу өрісінің астында тегіңіз, атыңыз және әкеңіздің аты шығады.
«Вперед» (Алға) түймесін басыңыз (2.JPG қараңыз).

2.JPG
2-қадам: Түлектің профайлын толтыру
Бұл кезеңде жеке деректерді толтырып, сауалнама сұрақтарына жауап беру қажет (3.JPG қараңыз):
- Міндетті өрістер: ТАӘ (тегі, аты, әкесінің аты), туған күні, жынысы.
- ЖСН және ЖОО: ЖСН-іңізді мұқият енгізіп, тізімнен оқу орныңыздың (ЖОО) атауын дұрыс таңдаңыз.
- Сауалнама: Сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап беріңіз.
-
Маңызды: Егер бір өрісті болсын бос қалдырсаңыз, жүйе қателік туралы ескерту шығарып, келесі кезеңге өткізбейді (4.JPG қараңыз).
4.JPG
3-қадам: Аккаунтты баптау
Қолданыстағы телефон нөміріңізді және электрондық поштаңызды енгізіңіз (5.JPG қараңыз).

- Бұл деректер тестілеу жүйесіне кіру үшін сіздің логиніңіз ретінде пайдаланылады.
4-қадам: Тестті таңдау
Тест тапсыратын пәнді және тілді таңдаңыз (6.JPG қараңыз).
- Атауларын мұқият оқыңыз: тест нұсқалары қазақ (KZ) және орыс (RU) тілдерінде қолжетімді.
- Таңдау жасағаннан кейін «Отправить» (Жіберу) түймесін басыңыз.
5-қадам: Тіркеуді аяқтау және деректерді алу
Форма сәтті жіберілгеннен кейін:
- Экранда тіркелудің сәтті аяқталғаны туралы хабарлама шығады (7.JPG қараңыз).
- Міндетті түрде сақтап алыңыз: «Данные для входа на платформу» (Платформаға кіру деректері) блогында көрсетілген логиніңіз бен уақытша пароліңізді сақтаңыз.
-
Поштаңызға растау хаты және тіркеу деректеріңіз жіберіледі (8.JPG қараңыз).
8.JPG
Маңызды ескертулер:
- Алдын ала тексеру: Тестілеу басталғанға дейін lms.orleu.edu.kz порталына кіріп көріңіз. Аккаунтыңыздың белсенді екеніне және жеке кабинетіңізде таңдалған тесттің көрініп тұрғанына көз жеткізіңіз (9.JPG қараңыз).
- Тестке рұқсат: Әдетте тест жабық тұрады. Оған рұқсат тек тест өтетін күні, ұйымдастырушылар беретін арнайы парольді енгізгеннен кейін ашылады.