Педагогтердің бірыңғай деректер базасында (ЕБДП) авторизациялау бойынша нұсқаулық
Жүйеге кіру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Порталға өту
Браузерді ашып, db.orleu-edu.kz мекенжайына өтіңіз. Жүйеге кіру терезесі ашылады.
2. Авторизациялау жолдары
Жүйеге екі тәсілмен кіре аласыз:
ЖСН және пароль арқылы:
- ЖСН-іңізді (12 сан) енгізіңіз.
- Пароліңізді енгізіңіз.
- «Кіру» батырмасын басыңыз.
ЭЦП арқылы:
- «ЭЦҚ арқылы кіру» батырмасын басыңыз.
- «ЭЦҚ арқылы кіру» батырмасын таңдаңыз.
- NCALayer арқылы сертификатты таңдаңыз.
- ЭЦҚ құпиясөзін енгізіп, кіруді растаңыз.
3. Парольді қалпына келтіру немесе бірінші кіру
- «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» сілтемесін басыңыз.
- ЖСН енгізіңіз.
- «Қалпына келтіру» батырмасын басыңыз.
- NCALayer-де кілтті таңдап, «Қол қою» батырмасын басыңыз.
4. Парольді жаңарту
- Жаңа пароль енгізіңіз.
- Қайта енгізіңіз.
- «Растау» батырмасын басыңыз.
Дайын! Жүйенің басты беті ашылады.
Ескерту: NCALayer қосулы болуы керек.






