Перейти к основному контенту

Педагогтерге арналған тестілеуден өту нұсқаулығы («Келешек мектептері»)

Жалпы нұсқаулық:

Құрметті педагог!

Сізді «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның біліктілікті арттыру курсын аяқтауыңызбен құттықтаймыз! Оқу нәтижелерін бағалау үшін 2026 жылдың 27–30 сәуір аралығында Synaq платформасында қорытынды тестілеуден өтуіңіз керек. Тест тапсыру уақыты аталмыш күндерде шектелмейді – өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдай аласыз.
Тест бағдарлама аясында қарастырылған негізгі тақырыптарды қамтитын 25 сұрақтан тұрады. Тестілеу ұзақтығы - 80 минут. Өту шегі - 60%.
Сұрақтарға жауап беру барысында интернет және басқа ақпарат көздерін пайдалануға болмайды.

Сәттілік тілейміз!

Техникалық нұсқаулық:

  1. Сізге ұсынылған сілтеме бойынша өтіңіз.
  2. «OrleuID арқылы кіру»батырмасын басыңыз.
  3. Рисунок 1
  4. Кіру парақшасына өтіп, «ЭЦҚ арқылы кіру» батырмасын басыңыз.
  5. Рисунок 2
  6. Өзіңіздің ЭЦҚ кілтіңізді қолданып, жүйеге кіріңіз.

    Рисунок 3

    Маңызды: NcaLayer қосулы екенін тексеріңіз.

  7. «Тестілеуді бастау» батырмасын басыңыз.
  8. Рисунок 4
  9. Сізге берілген кіру кодын енгізіп, қажетті чекбокстарды белгілеп, тестілеуді бастаңыз.
  10. Тестілеуді бастамас бұрын құрылғының камерасын пайдалануға рұқсат беріңіз. Тестілеу барысында прокторинг (бейнебақылау) жүргізіледі. Камераның көріну аймағында болыңыз, артық қимыл-қозғалыстар жасамаңыз және тестілеуден назарыңызды бөлмеңіз. Платформа тестілеу кезінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында барлық әрекеттерді тіркеп отырады.
  11. Рисунок 5
  12. Тесттің барлық сұрақтарына жауап беріңіз. Кез келген сұрақ нөмірін таңдау арқылы сол сұраққа өтуге және жауап беруге мүмкіндігіңіз бар. Жауаптар автоматты түрде сақталады.
  13. Рисунок 6
  14. Тестілеуді аяқтау туралы шешіміңізді растаңыз және «Аяқтау» батырмасын басыңыз.
  15. Рисунок 7
  16. 10. Тестілеу нәтижелерімен танысыңыз.
  17. Рисунок 8