Педагогтерге арналған тестілеуден өту нұсқаулығы («Келешек мектептері»)
Жалпы нұсқаулық:
Құрметті педагог!Сізді «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның біліктілікті арттыру курсын аяқтауыңызбен құттықтаймыз! Оқу нәтижелерін бағалау үшін 2026 жылдың 27–30 сәуір аралығында (Synaq сілтемесін осында қою) платформасында қорытынды тестілеуден өтуіңіз керек. Тест тапсыру уақыты аталмыш күндерде шектелмейді – өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдай аласыз.
Тест бағдарлама аясында қарастырылған негізгі тақырыптарды қамтитын 25 сұрақтан тұрады. Тестілеу ұзақтығы - 80 минут. Өту шегі - 60%.
Сұрақтарға жауап беру барысында интернет және басқа ақпарат көздерін пайдалануға болмайды.
Сәттілік тілейміз!
Техникалық нұсқаулық:
- Сізге ұсынылған сілтеме бойынша өтіңіз.
- «OrleuID арқылы кіру»батырмасын басыңыз.
Маңызды: NcaLayer қосулы екенін тексеріңіз.
«Тестілеуді бастау» батырмасын басыңыз. Сізге берілген кіру кодын енгізіп, қажетті чекбокстарды белгілеп, тестілеуді бастаңыз. Тестілеуді бастамас бұрын құрылғының камерасын пайдалануға рұқсат беріңіз. Тестілеу барысында прокторинг (бейнебақылау) жүргізіледі. Камераның көріну аймағында болыңыз, артық қимыл-қозғалыстар жасамаңыз және тестілеуден назарыңызды бөлмеңіз. Платформа тестілеу кезінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында барлық әрекеттерді тіркеп отырады. Тесттің барлық сұрақтарына жауап беріңіз. Кез келген сұрақ нөмірін таңдау арқылы сол сұраққа өтуге және жауап беруге мүмкіндігіңіз бар. Жауаптар автоматты түрде сақталады. Тестілеуді аяқтау туралы шешіміңізді растаңыз және «Аяқтау» батырмасын басыңыз. 10. Тестілеу нәтижелерімен танысыңыз.