Бағалау бойынша тренерге арналған нұсқаулық
Бағалау бойынша тренерге арналған нұсқаулық.pdf
Бағалауды бастау үшін «Менің топтарым» бөліміне өтіңіз (1-сур. қараңыз).
Бағалау үшін қажетті топты таңдап, «Әрекеттер» бағанындағы «Адамдар» белгішесін басыңыз (2-сур. қараңыз).
Бағаланатын қатысушының тұсындағы «Әрекеттер» бағанында «+» батырмасын басыңыз (3-сур. қараңыз).
«Бағалау» өрісінде әрбір критерийдің тұсына нәтижелерді қойыңыз:
- формативті критерийлер үшін (4-сур. қараңыз, баға қою өрісінің оң жағында ең жоғарғы балл көрсетілген);
- суммативті критерийлер үшін (5-сур. қараңыз, баға қою өрісінің оң жағында ең жоғарғы балл көрсетілген).
Қажет болған жағдайда «Куратордың түсініктемелері» өрісіне пікір қалдыра аласыз. Содан кейін «Бағаны сақтау» батырмасын басыңыз. Егер қорытынды жұмысты жою қажеттілігі туындаса, мысалы, қате материал жүктелсе, оны "Разрешить пересдачу курсовой (новый файл)" жалаушасын белгілеу арқылы жасауға болады. (5-сур. қараңыз).
Баға сақталғаннан кейін жүйе сізді «Бағалау мәліметтері» бетіне бағыттайды, сол жерде қойылған бағаның дұрыстығын қайта тексере аласыз (6-сур. қараңыз). Қалған қатысушылар үшін осы процедураны қайталаңыз.






