Бағалау бойынша тренерге арналған нұсқаулық
«Тренер» рөліне арналған бБағалау бойынша тренерге арналған нұсқаулық.pdf
Бағалауды бастау үшін «Менің топтарым» бөліміне өтіңіз (1-сур. қараңыз).
Бағалау үшін қажетті топты таңдап, «Әрекеттер» бағанындағы «Адамдар» белгішесін басыңыз (2-сур. қараңыз).
Бағаланатын қатысушының тұсындағы «Әрекеттер» бағанында «+» батырмасын басыңыз (3-сур. қараңыз).
«Бағалау» өрісінде әрбір критерийдің тұсына нәтижелерді қойыңыз:
- формативті критерийлер үшін (4-сур. қараңыз, баға қою өрісінің оң жағында ең жоғарғы балл көрсетілген);
- суммативті критерийлер үшін (5-сур. қараңыз, баға қою өрісінің оң жағында ең жоғарғы балл көрсетілген).
Қажет болған жағдайда «Куратордың түсініктемелері» өрісіне пікір қалдыра аласыз. Содан кейін «Бағаны сақтау» батырмасын басыңыз (5-сур. қараңыз).
Баға сақталғаннан кейін жүйе сізді «Бағалау мәліметтері» бетіне бағыттайды, сол жерде қойылған бағаның дұрыстығын қайта тексере аласыз (6-сур. қараңыз). Қалған қатысушылар үшін осы процедураны қайталаңыз.





