Перейти к основному контенту

«Өрлеу» курстарының тыңдаушыларына арналған нұсқаулық

«Өрлеу» курстарының тыңдаушыларына арналған нұсқаулық

  1. https://lms.orleu-online.kz/ жүйесіне логин және пароль арқылы кіріңіз.

  2. «Менің курстарым» қосымшасын ашыңыз. Сізде тіркелген курстардың тізімі көрсетіледі.

  3. Қажетті курсты таңдаңыз, ол үшін «Курсты қарау» түймесін басыңыз. Сіздің алдыңызда курстың парақшасы ашылады.

  4. Курстың басында 0-модуль орналасқан, ол курстың пререквизиттерін қамтиды. Бұл модуль кіріспе видеодан және 7 негізгі нормативтік құқықтық актілерден (НҚА) тұрады. НҚА-мен танысу үшін ұсынылған тізімнен қажетті элементті басу қажет.

Осы бетте сіз ұсынылған сілтеме арқылы құжатпен, құжаттарға берілген түсініктемелермен танысыпді оқи аласыз, тест тапсырмаларын орындап, кейстерді, видеоларды қарап, оларға қатысты тапсырмаларды орындай аласыз.

Тест сұрақтарында дұрыс жауапты тексеру функциясы қарастырылған, ол үшін «Тексеру» батырмасын басу қажет. Материалды толық меңгеріп болғаннан кейін соңғы бетте оқылған блок бойынша қорытынды нәтижелері қалыптасады.