"Келешек мектептері" басшыларға арналған нұсқаулық
Авторизация
https://career.orleu.edu.kz жүйесіне кіру заңды тұлғаның ЭЦҚ-сы арқылы жүзеге асырылады.
https://career.orleu.edu.kz сайтына кіріп, «Жүйеге кіру» нысанындағы «ЭЦП көмегімен кіру» батырмасын басыңыз (компьютеріңізде NCALayer бағдарламасы іске қосулы болуы тиіс) (төмендегі суретті қараңыз).
Пайда болған NCALayer терезесінде ЭЦҚ кілтінің орналасқан жолын көрсетіп, ЭЦҚ кілтінің құпия сөзін енгізіңіз (төмендегі суретті қараңыз).
«Қол қою» батырмасын басыңыз (төмендегі суретті қараңыз).
Жүйеге алғаш рет сәтті кіргеннен кейін жүйе пайдаланушылық келісіммен танысуды ұсынады. Келісім шарттарымен танысыңыз. Платформамен жұмысты жалғастыру үшін оның шарттарымен келісетініңізді растаңыз. Келіспеген жағдайда тиісті опцияны таңдап, платформамен жұмысты аяқтаңыз (төмендегі суретті қараңыз).
«КандидаҮміттакерлердыі іздеу» модулі
Сол жақ мәзірден «КандидаҮміттакерлердыі іздеу» модулін таңдаңыз. Екі бағаннан тұратын іздеу нысаны ашылады. Оң жақ бағанда кандидаттар тізімі көрсетіледі. Сол жақ бағанда сүзгілер орналасқан (төмендегі суретті қараңыз).
Жүйеде келесі сүзгілер жүзеге асырылған:
- ЖОО атауы
- Білім беру бағдарламасы
- Курс/оқу пәні
- Оқу тілі
- Пән
- Қалаулы өңір
- «Алтын белгі» иегері
- Журналдарда/жинақтарда жарияланымдарының болуы
- IELTS/TOEFL
- Қосымша курстар/оқыту
Сүзгілеуді бастау үшін сүзгі өрістеріне қажетті мәндерді енгізіп, «Іздеу» батырмасын басыңыз (төмендегі суретті қараңыз).
Түлектің карточкасын толық қарау үшін «Толығырақ» батырмасын басыңыз. Түлектің карточкасын сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.
«Сақталғандар» модулі
Бұл модульде бұрын таңдалған кандидаттар көрсетіледі (төмендегі суретті қараңыз).