# Аудандық әдістемелік орталығы

[Аудандық әдістемелік орталығы.docx](https://wiki.orleu.edu.kz/attachments/16)

Бөлім: Педагогтер

•	Тізімді қарау. Жоғарғы мәзірдегі «Педагогтер» бөліміне өтіңіз. Алдыңызда ауланның барлық педагогтері бар кесте ашылады, онда соңғы біліктілікті арттыру және бюджеттік курстан өту күні бірден көрінеді.
•	Мәліметтерді экспорттау. Қажет болған жағдайда кестенің үстіндегі «Экспорт в Excel» түймесін басу арқылы педагогтердің ағымдағы тізімін Excel форматында жүктей аласыз.

[![Screenshot_5.png](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/P7ye2k5MVTjjrIv3-screenshot-5.png)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/P7ye2k5MVTjjrIv3-screenshot-5.png)
 
•	Сүзгілерді пайдалану. Жылдам іздеу үшін кестенің үстіндегі сүзгілеу блогын пайдаланыңыз. Мәліметтерді нақты мектептер, лауазымдар немесе курстан өту уақыты бойынша сұрыптай аласыз.

[![Screenshot_6.png](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/HyBMCeLqIlV5POZa-screenshot-6.png)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/HyBMCeLqIlV5POZa-screenshot-6.png)
 
•	Толық ақпарат. Нақты педагогтің жеке карточкасын ашу үшін оның ТАӘ-не басыңыз. Онда жеке деректер, жұмыс орны, сондай-ақ сертификат нөмірлері көрсетілген біліктілікті арттыру курстарының толық тарихы қолжетімді.

[![Screenshot_7.png](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/wlbHGPEvhBzItKnW-screenshot-7.png)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/wlbHGPEvhBzItKnW-screenshot-7.png)
 
Бөлім: Біліктілікті арттыру ұйымдары
•	Орталықтарды қарау. «Организации ПК» бөліміне өтіңіз. Мұнда біліктілікті арттыру орталықтарының тізімі, олардың БСН-і (БИН) және бекітілген бағдарламаларының саны көрсетіледі.
•	Бағдарламаларды зерделеу. Қызықтырған ұйымның тұсындағы «Программы» түймесін басыңыз. Келісу күні, бағыты және тыңдаушылардың нысаналы санаты көрсетілген бекітілген білім беру бағдарламаларының толық тізімі ашылады.

[![Screenshot_8.png](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/W9tLisUW1FqyZJZm-screenshot-8.png)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/W9tLisUW1FqyZJZm-screenshot-8.png)

[![Screenshot_9.png](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/4CL3ImoD9OsKRyAH-screenshot-9.png)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/4CL3ImoD9OsKRyAH-screenshot-9.png)
 
Бөлім : Менің өтінімдерім

•	Келіп түскен өтінімдердің мониторингі. «Менің өтінімдерім» (Мои заявки) бөліміне өтіңіз. Мұнда облыстан немесе қаладан сіздің ауданыңызға жіберілген барлық сұраныстар көрсетіледі. Тізім автоматты түрде келіп түскен күні бойынша сұрыпталады.
•	Іздеу және сүзгілеу. Өтінімдерді атауы, түрі (атаулы/сандық), мәртебесі, БА ұйымы немесе күндер аралығы бойынша іздеу үшін жоғарғы панельді пайдаланыңыз.

[![Рисунок28.jpg](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/vyESi0rLS0jC21fP-risunok28.jpg)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/vyESi0rLS0jC21fP-risunok28.jpg)
 
•	Мәртебелер мен түрлерді бақылау. Ағымдағы күйіне назар аударыңыз:
o	В работе: ауданда мәліметтерді жинау процесі жүріп жатыр.
o	Завершен: өтінім бойынша жұмыс аяқталды, мәліметтер облысқа жіберілді. Сондай-ақ өтінім түрлерін ажыратыңыз: Сандық (қамтуды алдын ала жоспарлау) және Атаулы (нақты ТАӘ тізімін жинау).
•	Сандық өтінімді толтыру. «Заполнить» түймесін басыңыз. Ашылған білім беру бағдарламаларының тізімінде оқуға жоспарланған педагогтер санын көрсетіңіз. Егер үміткерлер болмаса, «0» қойыңыз. «Сохранить» түймесін, содан кейін «Подтвердить» түймесін басыңыз.

 [![Рисунок29.jpg](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/gO95ag3Sr3393tKp-risunok29.jpg)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/gO95ag3Sr3393tKp-risunok29.jpg)
 [![Рисунок30.jpg](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/P8KTHawStehg7Uo9-risunok30.jpg)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/P8KTHawStehg7Uo9-risunok30.jpg)
 [![Рисунок31.jpg](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/s9Xjj6s7MzS8Paar-risunok31.jpg)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/s9Xjj6s7MzS8Paar-risunok31.jpg)
  
•	Атаулы өтінімді мектептерге бөлу. Аудан мектептері педагогтердің мәліметтерін өздері толтыруы үшін «Распределить по школам» түймесін басып, қажетті ұйымдарды таңдаңыз. Егер мектеп қате таңдалса, оны қайта басу арқылы белгіні алып тастаңыз.

 [![Рисунок32.jpg](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/cryL6qr2CBNlQ2P3-risunok32.jpg)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/cryL6qr2CBNlQ2P3-risunok32.jpg)
 [![Рисунок33.jpg](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/bTTxqyPMstutRHfr-risunok33.jpg)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/bTTxqyPMstutRHfr-risunok33.jpg)
 
•	Педагогтер тізімін қалыптастыру. Өтінімге адамдарды өз бетіңізше қосу үшін мыналарды пайдаланыңыз:
o	Выбрать педагогов: аудан педагогтерінің жалпы тізімі бойынша іздеу.
o	Выбрать кандидатов: мектептер ұсынған педагогтер тізімі. Дұрыс таңдау үшін соңғы курстан өткен күні, лауазымы немесе пәні бойынша сүзгілерді пайдаланыңыз.

[![Рисунок34.jpg](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/mBKDuGdgdHZnCUMb-risunok34.jpg)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/mBKDuGdgdHZnCUMb-risunok34.jpg)
 
•	Редакциялау және жою. Өтінім ЭЦП арқылы толық расталғанға дейін педагогтерді тізімнен жоюға болады.
•	Растау және ЭЦП-мен қол қою. Өтінімді түпкілікті растауды аудан басшысы немесе қол қою құқығы бар жауапты тұлға орындайды. ЭЦП арқылы қол қойылғаннан кейін тізімді өңдеу мүмкін болмайды.

[![выбор педагогов_район.png](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/9LFBMoRcZSQaqgPY-vybor-pedagogov-raion.png)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/9LFBMoRcZSQaqgPY-vybor-pedagogov-raion.png)

[![Screenshot_11.png](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/gOq2Dz6WXGtmy4du-screenshot-11.png)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/gOq2Dz6WXGtmy4du-screenshot-11.png)

•	Жедел ауыстыруларды ресімдеу. Өтінім расталғаннан кейін адамды ауыстыру қажет болса, «Горячие замены» функциясын пайдаланыңыз (егер қолжетімді болса).
o	Сілтемені басып, жаңа сұраныс жасаңыз.
o	Ауыстырылатын педагогті таңдап, ЖСН арқылы жаңа қатысушыны табыңыз.
o	Егер ауыстыратын адам болмаса, «Временное удаление» таңдаңыз.
o	«Причина замены» (Ауыстыру себебі) өрісін міндетті түрде толтырыңыз.

[![Создание горячей замены.png](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/I4IGBlQDG3pt0rew-sozdanie-goriacei-zameny.png)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/I4IGBlQDG3pt0rew-sozdanie-goriacei-zameny.png)

[![горзам_район.png](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/scaled-1680-/PIGhYEpzUiFn46Un-gorzam-raion.png)](https://wiki.orleu.edu.kz/uploads/images/gallery/2026-03/PIGhYEpzUiFn46Un-gorzam-raion.png)