Педагогтерге арналған тестілеуден өту нұсқаулығы («Келешек мектептері»)

Жалпы нұсқаулық:

Құрметті педагог!

Сізді «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның біліктілікті арттыру курсын аяқтауыңызбен құттықтаймыз! Оқу нәтижелерін бағалау үшін 2026 жылдың 27–30 сәуір аралығында Synaq платформасында қорытынды тестілеуден өтуіңіз керек. Тест тапсыру уақыты аталмыш күндерде шектелмейді – өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдай аласыз.
Тест бағдарлама аясында қарастырылған негізгі тақырыптарды қамтитын 25 сұрақтан тұрады. Тестілеу ұзақтығы - 80 минут. Өту шегі - 60%.
Сұрақтарға жауап беру барысында интернет және басқа ақпарат көздерін пайдалануға болмайды.

Сәттілік тілейміз!

Техникалық нұсқаулық:

  1. Сізге ұсынылған сілтеме бойынша өтіңіз.
  2. «OrleuID арқылы кіру»батырмасын басыңыз.
Рисунок 1 KZ
Кіру парақшасына өтіп, «ЭЦҚ арқылы кіру» батырмасын басыңыз.
Рисунок 2 KZ
Өзіңіздің ЭЦҚ кілтіңізді қолданып, жүйеге кіріңіз.

Рисунок 3 KZ

Маңызды: NcaLayer қосулы екенін тексеріңіз.
Өрлеу Synaq аккаунты үшін жаңа құпиясөз енгізіңіз.
Настройка пароля

«Тестілеуді бастау» батырмасын басыңыз.
Рисунок 4 KZ
Сізге берілген кіру кодын енгізіп, қажетті чекбокстарды белгілеп, тестілеуді бастаңыз. Тестілеуді бастамас бұрын құрылғының камерасын пайдалануға рұқсат беріңіз. Тестілеу барысында прокторинг (бейнебақылау) жүргізіледі. Камераның көріну аймағында болыңыз, артық қимыл-қозғалыстар жасамаңыз және тестілеуден назарыңызды бөлмеңіз. Платформа тестілеу кезінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында барлық әрекеттерді тіркеп отырады.
Рисунок 5 KZ
Тесттің барлық сұрақтарына жауап беріңіз. Кез келген сұрақ нөмірін таңдау арқылы сол сұраққа өтуге және жауап беруге мүмкіндігіңіз бар. Жауаптар автоматты түрде сақталады.
Рисунок 6 KZ
Тестілеуді аяқтау туралы шешіміңізді растаңыз және «Аяқтау» батырмасын басыңыз.
Рисунок 7 KZ
Тестілеу нәтижелерімен танысыңыз.
Рисунок 8 KZ

Revision #8
Created 2026-04-21 07:24:13 UTC by МАДИЯР КАИРБЕКОВ
Updated 2026-04-23 03:39:31 UTC by МАДИЯР КАИРБЕКОВ