Кураторға арналған нұсқаулық Топтың тағайындалуы Егер сізге топ бекітілсе, мәзірде «Басқару» бөлімі пайда болады. «Куратор кабинеті» бөліміне өту «Басқару» бөліміне кіріңіз → «Куратор кабинеті» ашылады. Мұнда сізге бекітілген топ көрсетіледі. Қатысушыларды қарау Тізімді ашу үшін «Қатысушылар» батырмасын басыңыз. Баға қою Әрбір қатысушыға критерийлер бойынша баға қоюға болады: 0-ден 10-ға дейін ұпайды қолмен енгізу, немесе дайын тізімнен таңдау. Қажет болса түсініктеме жазуға болады (міндетті емес) және «Бағаны сақтау» батырмасын басыңыз. Курс материалдары Екінші батырма — «Курс материалдары». Бұл бөлімнен берілген материалдарды жүктеуге болады: оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК), презентациялар, және басқа файлдар.