"Келешек мектептері" басшыларына арналған нұсқаулық

Авторизация

https://career.orleu.edu.kz жүйесіне кіру заңды тұлғаның ЭЦҚ-ы арқылы жүзеге асырылады.

https://career.orleu.edu.kz сайтына кіріп, «Жүйеге кіру» нысанындағы «ЭЦП көмегімен кіру» батырмасын басыңыз (компьютеріңізде NCALayer бағдарламасы іске қосылуы тиіс) (төмендегі суретті қараңыз).

Войти по ЭЦП

Пайда болған NCALayer терезесінде ЭЦҚ кілтінің орналасқан жолын көрсетіп, ЭЦҚ кілтінің құпия сөзін енгізіңіз (төмендегі суретті қараңыз).

Подписание с ЭЦП

«Қол қою» батырмасын басыңыз (төмендегі суретті қараңыз).

Подписание

Жүйеге алғаш рет сәтті кіргеннен кейін сізге пайдаланушы келісімімен танысу ұсынылады. Келісім шарттарымен танысыңыз. Платформамен жұмысты жалғастыру үшін оның шарттарымен келісетініңізді растаңыз. Келіспеген жағдайда тиісті опцияны таңдап, платформамен жұмысты аяқтаңыз (төмендегі суретті қараңыз).

Подписание

«Үміткерлерді іздеу» модулі

Сол жақ мәзірден «Үміткерлерді іздеу» модулін таңдаңыз. Екі бағаннан тұратын іздеу нысаны ашылады. Оң жақ бағанда түлектер тізімі көрсетіледі. Сол жақ бағанда сүзгілер орналасқан (төмендегі суретті қараңыз).

Поиск кандидатов

Жүйеде келесі сүзгілер жүзеге асырылған:

Сүзгілеуді бастау үшін сүзгі өрістеріне қажетті мәндерді енгізіп, «Іздеу» батырмасын басыңыз (төмендегі суретті қараңыз).

Фильтрация и поиск

Түлектің профилін толық қарау үшін «Толығырақ» батырмасын басыңыз. Түлектің профилін сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басыңыз.

Подробнее

«Сақталған» модулі

Модульде түлектер және олардың байланыс ақпараты көрсетіледі. Таңдалған түлектермен тікелей байланыса аласыз. Сәттілік тілейміз! (төмендегі суретті қараңыз).

Сохраненное

Версия #9
МАДИЯР КАИРБЕКОВ создал 12 июня 2026 06:51:28
МАДИЯР КАИРБЕКОВ обновил 15 июня 2026 07:27:06